Фото Kapital.kz сайтынан
Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Серік Ахметов ағымдағы жылы Қазақстан авиациясын Еурокомиссияның "сұр тізімінен" шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кеткен жөн, қазіргі кезде Қазақстанның бірқатар әуе компаниялары Еуроодақтың "қара тізіміне" енген. Сол себепті оларға еуроаймақтың әуе кеңістігіне кіруге рұқсат жоқ. Ал "Эйр Астана" компаниясы Еурокомисияның "сұр тізіміне" іліккен болатын. Бүгінде компания үшін Еуропа елдеріне ұшу бағыттары мен жиілігін арттыруға тыйым салынған. "Биыл біз "сұр тізімнен" шығатын боламыз. Осыған байланысты көлік және коммуникациялар министріне Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына қатысты барлық мәселелерді шешіп, тиісті кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Биылғы мақсат осы - тізімнен шығу", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр С.Ахметов. Мәжіліске Халықаралық азаматтық авиация ұйымына қарасты техникалық ынтымақтастық бюросының жетекшісі Орлин Тончев те қатысты. Оның сөзіне қарағанда, мәселенің барлығы жақын арада шешілуі тиіс. "Біз де тиісті шешім жақын арада қабылданады деп сенеміз. Бірақ бұл жерде мынаны жете түсіну керек: тізімнен шығу - бұл мақсат емес. Бізге барша жұмысты халықаралық талаптарға сай етіп, ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Соның нәтижесінде кез келген, "қар", "сұр" тізімнен шығуға болады", - деп атап көрсетті О.Тончев. 2009 жылы болған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аудиті кезінде бірқатар кемшіліктер анықталған болатын. Атап айтқанда, Қазақстанда ұйымның тиісті стандарттары енгізілмей, әуе апаттарын тергеу талаптары орындалмай келген. Бұдан басқа, отандық авиация саласында тиісті бақылау шаралары жүргізілмеді. Ал көлік және коммуникациялар министрлігіне қарасты азаматтық авиация комитетінің құрылылымы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай емес деп танылды.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр Серік Ахметов ағымдағы жылы Қазақстан авиациясын Еурокомиссияның "сұр тізімінен" шығаруды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кеткен жөн, қазіргі кезде Қазақстанның бірқатар әуе компаниялары Еуроодақтың "қара тізіміне" енген. Сол себепті оларға еуроаймақтың әуе кеңістігіне кіруге рұқсат жоқ. Ал "Эйр Астана" компаниясы Еурокомисияның "сұр тізіміне" іліккен болатын. Бүгінде компания үшін Еуропа елдеріне ұшу бағыттары мен жиілігін арттыруға тыйым салынған.
"Биыл біз "сұр тізімнен" шығатын боламыз. Осыған байланысты көлік және коммуникациялар министріне Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына қатысты барлық мәселелерді шешіп, тиісті кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Биылғы мақсат осы - тізімнен шығу", - деді Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-министр С.Ахметов.
Мәжіліске Халықаралық азаматтық авиация ұйымына қарасты техникалық ынтымақтастық бюросының жетекшісі Орлин Тончев те қатысты. Оның сөзіне қарағанда, мәселенің барлығы жақын арада шешілуі тиіс. "Біз де тиісті шешім жақын арада қабылданады деп сенеміз. Бірақ бұл жерде мынаны жете түсіну керек: тізімнен шығу - бұл мақсат емес. Бізге барша жұмысты халықаралық талаптарға сай етіп, ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Соның нәтижесінде кез келген, "қар", "сұр" тізімнен шығуға болады", - деп атап көрсетті О.Тончев.
2009 жылы болған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аудиті кезінде бірқатар кемшіліктер анықталған болатын. Атап айтқанда, Қазақстанда ұйымның тиісті стандарттары енгізілмей, әуе апаттарын тергеу талаптары орындалмай келген. Бұдан басқа, отандық авиация саласында тиісті бақылау шаралары жүргізілмеді. Ал көлік және коммуникациялар министрлігіне қарасты азаматтық авиация комитетінің құрылылымы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай емес деп танылды.