Қазақстандық азаматша Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өзінің үй қызметшісін ұрып-соқты, - деп хабарлайды Gulfnews.com порталы. Эфиопия азаматшасы бұл елде заңсыз болған.
Қазақстандық азаматша Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өзінің үй қызметшісін ұрып-соқты, - деп хабарлайды Gulfnews.com порталы. Эфиопия азаматшасы бұл елде заңсыз болған.
22 жастағы Хедйа Усман (Hedja Usman) жұмыс берушінің ұрып-соққанын айтып, полицияға хабарласқан. Қыздың шашы жұлынған, ол ауруханада төрт күн жатты. Үй қызметшісінің айтуынша, қазақстандық азаматша одан көлігінің кілтін ұрлады деп күдіктенген. Тараптар ымыраға келді, бірақ қыз өзін Біріккен Араб Әмірлігінен отанына, Эфиопияға жіберуді сұрады. Бұдан кейін іске африкалық елдің елшілігі араласып, Қазақстан азаматшасына қарсы шағым түсірді.
Қазақстандық азаматша барлық айыптарды мойындамады, мұнымен қоймай ол үй қызметшісі оның балаларын пышақпен қорқытқанын айтты. Іс сотқа жіберілді. Процесте жәбірленуші Эфиопия елшілігінің қорғауында болады. Ол визасының уақыты екі жыл бұрын өтіп кетсе де, отбасыда үш жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол БАӘ-де заңсыз болған.
Эфиопияның Біріккен Араб Әмірлігіндегі бас елшісі Аемеро Алемудың (Aemero Alemu) айтуынша, эфиоптар әрқашан бейбіт және қайырымды болған. "Егер үй қызметкері жұмыс берушінің көңілінен шықпаса және өзін күмәнді ұстаса, оны өз отанына қайтару керек немесе бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауы керек", - деді дипломат.