27 наурыз 2023 17:08

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған: СІМ пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Қазақтардың қашқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушылары жексенбіде таңғы сағат 4:20 шамасында депортация рейсін күтіп тұрған 21 және 18 жастағы екі қазақстандықтың әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы қоршаудан асып, қашып кеткенін жазған.

Реклама
Реклама

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуекомпаниясының рейсімен келген. Кейін оларға елге кіруге тыйым салынғандықтан депортациялық рейсті күткен.

"Алайда қазақстандықтар Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен. Олардың бірін жергілікті полиция ұстады. Екіншісі іздеуде", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, бұл оқиға Оңтүстік Кореяда жаппай наразылық тудырып, жергілікті БАҚ-тың назарына іліккен.

"Қазақстан азаматтарының мұндай мінез-құлқы олардың осы елдегі имиджі мен мәртебесіне теріс әсер етуі мүмкін. Осы оқиға біздің азаматтардың Оңтүстік Кореяға кіру тәртібіне кедергі келтірері сөзсіз", - деп ескертті ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram