ҚР Сыртқы істер министрлігі Вильнюс қаласында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған қазақстандық туралы мәліметті тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Вильнюс қаласында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталған қазақстандық туралы мәліметті тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Литвалық "Обзор" басылымының мәліметінше, 32 жастағы әкімшілік-техникалық қызметкер бейсенбіде түнгі уақытта ұсталған. Ер адам мас күйде Toyota Avensis көлігін жүргізген, оның мастық деңгейі - 1,40 промиле екені анықталған.
Басылым мәліметінше, мас күйде көлік жүргізгені үшін (мастық деңгейі - 0,4 промилледен асып, 1,5 промиллеге жетпесе) 300-450 еуро көлемінде айыппұл салынады. Егер 1,5-тен асса, Литва заңы бойынша, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады,
Полицияға көлікті мас күйде жүргізген ер адам туралы мәліметті жанармай құю бекетінің қызметкері хабарлаған. БАҚ мәліметінше, Қазақстан азаматы елшілікке тиесілі көлікпен жүрген.
"Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайы анықталып жатыр. ҚР СІМ тәртіп бойынша ведомствосы осы мәселемен айналысып жатыр. Егер осы мәлімет расталса, ол қызметкер елге қайтарылады", - деді ведомство өкілдері.