Томскіде 22 жастағы қазақстандық ұсталды. РИА Новости ақпараттық порталының хабарлауынша, Томск қаласында ұсталған ер азамат терроризмді насихаттаған.
Томскіде 22 жастағы қазақстандық ұсталды. РИА Новости ақпараттық порталының хабарлауынша, Томск қаласында ұсталған ер азамат терроризмді насихаттаған.
"Радикал исламды қолдаушысының заңсыз әрекеті айқын көрінді. 22 жастағы қазақстандық аудан тұрғындарының арасына терроризм ойын насихаттады. Оған қоса, ол әрекетін әлеуметтік желілер арқылы да таратқан", - деп хабарлады ФҚҚБ өкілдері.
Ведомство өкілінің айтуыша, Томск қаласында ер азамат жалған құжатпен тіркелген.
Күдікті ұсталды. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің "Террористік әрекеттерге, терроризмнің қоғамдық негіздемесіне немесе терроризмді насихаттауға шақыру" деген бап бойынша Томск облысында қылмыстық іс қозғалды. Санкция жеті жылға бас бостандығынан айыруды көздеп отыр.