Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергия жүйелерін біріктіреді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©️ depositphotos.com ©️ depositphotos.com

Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Меморандумның мақсаты - Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі шарттарын айқындау.

Министрлік мәліметінше, құжат қатысушылардың Әзірбайжаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан техникалық және экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы жасыл энергия саудасын жүзеге асыра отырып, Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйелерін қосу мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті екенін көрсетеді.

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбіне терең су кабелін төсеудің техникалық тапсырмасының жобасы қалыптасқанын атап өтті.

"Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді (қаржыландыру, кірістер ағыны және иелік ету) дамыту және Еуропалық Одақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін болжамды бизнес-модель әзірленетін болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика министрліктері арасында Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум жобасы пысықталды", - деді Сәтқалиев.

Қазақстан Энергетика министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда осы жобаны іске асырудың базалық тәсілдері талқыланып, келісілді және қазақстандық ведомство одан әрі толыққанды өзара іс-қимылға толық дайын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro