Қазақстан балабақшаларында оқытудың мемлекеттік стандарты өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан балабақшаларында оқытудың мемлекеттік стандарты өзгереді Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда балабақшаларға арналған оқытудың мемлекеттік стандарты өзгереді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда балабақшаларға арналған оқытудың мемлекеттік стандарты өзгереді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Аймағамбетов бүгінгі таңда 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейі әлі де 71 пайыз ғана екенін айтты. Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында.

Дегенмен министр бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 95 пайызға жеткізге уйде берді. 

"Ол үшін жекеменшік балабақшалар желісін одан әрі дамыту, ваучерлік қаржыландыруды, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиеші институтын енгізу тетіктері кеңінен қолданылады", - деді ол.

Аймағамбетов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленетінін айтты.

"Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін "Ойын арқылы оқыту" қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі, бағдарламалар жаңарады", - деді ведомство басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети