Бүгін БҰҰ Бас ассамблеясы Украинаның тұтастығын қолдауға арналған резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 
Бүгін БҰҰ Бас ассамблеясы Украинаның тұтастығын қолдауға арналған резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 
Ұйымға мүше 100 мемлекет Қырымда өткен референдумға қарсы дауыс берсе, 11 ел - Армения, Беларусь, Боливия, Венесуэла, Куба, КХДР, Зимбабве, Никарагуа, Ресей, Сирия және Судан резолюцияға қарсылық білдірді. Ал 58 мемлекет қалыс қалды. Олар - Ауғанстан, Алжир, Ангола, Антигуа мен Барбуда, Аргентина, Бангладеш, Ботсвана, Бразилия, Бруней, Буркина Фасо, Бурунди, Камбоджа, Қытай, Комор аралдары, Джибути, Доминика, Эквадор, Мысыр, Сальвадор, Эритрея, Эфиопия, Фиджи, Габон, Гамбия, Гайана, Үндістан, Ирак, Ямайка, Кения, Лесото, Мали, Мавритания, Моңғолия, Мозамбик, Мьянма, Намибия, Науру, Непал, Пәкістан, Парагвай, Руанда, Сент Киттс пен Невис, Сент Люсия, Сент Винсент пен Гренадин, Сан-Томе мен Принсипи, Сенегал, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Судан, Шри-Ланка, Суринам, Свазиленд, Уганда, Танзания, Уругвай, Өзбекстан, Вьетнам мен Қазақстан.
БҰҰ-ның бүгінгі резолюциясы наурыздың 16-сы күні өткен референдумның нәтижесінде Қырымның Ресей Федерациясына қосылуын мойындамауға шақырады. Алайда Бас ассамблеяның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бір айырмашылығы, ол қабылдаған құжаттар тек кеңес беру сипатына ғана ие.