27 қыркүйек 2021 | 14:36

Қазақстан біз үшін ерекше мемлекет - Түркия парламентінің спикері

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп екі ел парламентшілерінің өзара іс - қимылын тереңдету туралы келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп екі ел парламентшілерінің өзара іс - қимылын тереңдету туралы келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәжілістегі кездесу барысында тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтті.

Түркия еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып мойындағанын ескерген Мәжіліс спикері Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бауырлас елмен қарым-қатынасты ілгерілетуге ерекше назар аударғанын да еске салды. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Анкара арасындағы серіктестікті нығайту бағытын жалғастырып жатыр.

​Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Түркия парламенті спикерінің ресми сапары бауырлас елдер арасындағы шынайы достық пен құрметтің жарқын көрсеткіші екенін айтты.

​"Қазақстан Түркия үшін ерекше мемлекет. Екі ел қатынастарының қалыптасуы мен дамуындағы маңызды рөл Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасына тиесілі. Біздің бауырлас халықтарымыздың арасындағы рухани байланыс біздің жан - жақты ынтымақтастығымызды нығайтуда үлкен рөл атқарады", - деді өз кезегінде Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп.

​Парламентаралық қатынастарды дамыту туралы айта келе, Нұрлан Нығматулин мен Мұстафа Шентоп оларды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын айтып өтті. Ынтымақтастық жөніндегі топтардың, бейінді комитеттердің бірлескен жұмыс тәжірибесі заңнамалық тәжірибемен белсенді алмасуға, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды заңнамалық қолдау бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

​Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

​Сонымен қатар, түрік кәсіпкерлерінің қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, туризмді дамыту бойынша инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері туралы сөз болды. Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, Мәжіліс депутаттары жұмыс істеп жатқан "өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасы шетелдік инвесторларға, соның ішінде түрік компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

​Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанға ресми сапары аясында 28 қыркүйекте Түркістанда өтетін Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысына қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети