Жеңімпаз Шахаризат Сейдахмет
27 жастағы қостанайлық Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқаудың ақтық сынында бас жүлдеге тігілген 5 миллион теңге мен дыбыс жазушы компанияның келісімшартын жеңіп алу үшін жобада үздік өнер көрсеткен төрт қатысушы тартысқа түсті. Ақтық сынның шарты бойынша қатысушылар бірнеше мәрте сахнаға шығып, әрбір орындаудан соң көрермендердің SMS дауыс берулерінің нәтижесінде бір қатысушыдан шеттетіліп отырды. Алғашқы болып жобамен қоштасқан Медеу Арынбаевтың шәкірті 26 жастағы Жанғали Әбішев болды, оның ізінен Мәдина Сәдуақасованың шәкірті Роза Мұқатаева да ілесті. Ал Нұрлан Албанның шәкірті Шахаризат Сейдахметке басты қарсылас болған теміртаулық жас дарын Тимур Омаров жеңіске бір қадам ғана жетпей қалды. Дәл осы жобаның ақтық сыны өткен 19 қаңтар күні Тимур 20 жасқа толды. Естеріңізге сала кетсек, "The Voice", "Голос" сынды жобалардың қазақстандық нұсқасы "Қазақстан дауысы" 2013 жылдың жазында басталған еді. Бұл жобаның әдеттегі вокалдық байқаулардан айырмашылығы мұнда қатысушылардың тек дауысына аса мән беріледі. Жобаға қатысушыларды алғаш іріктеу кезеңінде тәлімгерлер олардың бейнесін көрмей, теріс қарап отырып дауыстарын тыңдау арқылы вокалдық дарындарына орай өз таңдауларын жасаған болатын.
27 жастағы қостанайлық Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысы" музыкалық жобасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Байқаудың ақтық сынында бас жүлдеге тігілген 5 миллион теңге мен дыбыс жазушы компанияның келісімшартын жеңіп алу үшін жобада үздік өнер көрсеткен төрт қатысушы тартысқа түсті.
Ақтық сынның шарты бойынша қатысушылар бірнеше мәрте сахнаға шығып, әрбір орындаудан соң көрермендердің SMS дауыс берулерінің нәтижесінде бір қатысушыдан шеттетіліп отырды. Алғашқы болып жобамен қоштасқан Медеу Арынбаевтың шәкірті 26 жастағы Жанғали Әбішев болды, оның ізінен Мәдина Сәдуақасованың шәкірті Роза Мұқатаева да ілесті.
Ал Нұрлан Албанның шәкірті Шахаризат Сейдахметке басты қарсылас болған теміртаулық жас дарын Тимур Омаров жеңіске бір қадам ғана жетпей қалды. Дәл осы жобаның ақтық сыны өткен 19 қаңтар күні Тимур 20 жасқа толды.
Естеріңізге сала кетсек, "The Voice", "Голос" сынды жобалардың қазақстандық нұсқасы "Қазақстан дауысы" 2013 жылдың жазында басталған еді. Бұл жобаның әдеттегі вокалдық байқаулардан айырмашылығы мұнда қатысушылардың тек дауысына аса мән беріледі.
Жобаға қатысушыларды алғаш іріктеу кезеңінде тәлімгерлер олардың бейнесін көрмей, теріс қарап отырып дауыстарын тыңдау арқылы вокалдық дарындарына орай өз таңдауларын жасаған болатын.