Қазақстандық депутаттарға да жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым салынады. Бұл ақпаратты Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаттары растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық депутаттарға да жұмыс уақытында смартфон қолдануға тыйым салынады. Бұл ақпаратты Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаттары растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеңейтілген отырыстан кейін депутат Ольга Шишигина бұл тыйымның заңды түрде күшіне енбегенін айтты. "Әзірше ресми түрде енбеді. Дегенмен, басқа телефон пайдалануды бастадық. Мен мұны дұрыс деп есептеймін", - деді ол Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.
Депутат Меруерт Қазбекова осындай өзгерістің енгізілетінен хабардар екенін жеткізді.
"Біз осы талаптарды қалай да орындауымыз керек. Жақын арада телефонымызды төменге өткізуді бастап қалуымыз мүмкін. Ресми құжат болмаса да, біз бұл туралы естідік. Меніңше, бұл дұрыс", - деді ол.
Ал мәжілісмен Мәулен Әшімбаев бұл мәселенің қарастырылып жатқанын айтты. "Депутаттар мемлекеттік органдардағы жұмыс режимімен жұмыс істейтін болады. Қазір бұл мәселені қарастырып, талқылап жатырмыз", - деді Әшімбаев.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының екінші кеңейтілген отырысы 20 минутта аяқталды. Осы уақыт аралығында депутаттар төрт мәселені қарастырып, негізгі шаралардың жоспарын бекітті.