Қазақстан Донбас мәселесі жөнінде байланыс тобын қабылдауға дайын. Бұл туралы Беларусьтегі Қазақстан елшісі Ерғали Бөлегенов айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске салайық, Донбасс мемлекеттік төңкеріске қарсы болған жергілікті тұрғындар мен Украина билігінің ұрыс қимылдары орнына айналған болатын.

Бөлегеновтің айтуынша, Қазақстан келіссөздер жүргізу үшін жағдай жасауға кез келген уақытта дайын. "Бірақ жарнама үшін емес, істі оңтайландыру үшін, бейбітшілік үшін", - деді ол. Елші Донбасс мәселесі жөнінде келіссөз жүргізілетін алаң маңызы жөнінен бейбітшілік құру мен нәтижелі келіссөздер жүргізуден кейін екінші орында. "Келіссөздер жүргізілсе болды. Еуропада болсын, осында болсын - маңызы жоқ", - деді ол. Елші Донбастағы жағдайды тұрақтандыруға Беларусь президенті Александр Лукашенконың қосқан үлесі зор екенін атап айтты. "Украинаға қатысты Александр Григорьевич Лукашенко келіссөздер жүргізілетін алаңмен қамтамасыз ету мен қақтығысты реттеуде үлкен істер атқарды", - деді Бөлегенов.
Айта кетейік, 12 ақпанда Минскіде байланыс тобымен кезекті келіссөз өткен болатын. Тараптар 15 ақпаннан бастап оқ атуды доғару, барлық әскери техниканы елден шығару және қауіпсіздік зонасын құру туралы шаралар жиынын қабылдаған. Содан бері оқ ату деңгейі төмендеді, дегенмен жақын арада Донбаста Украина әскері мен көтерілісшілер арасында тағы да қақтығыс болды. Осыған байланысты екі тарап та келіссөзді бұзғаны үшін бірін-бірі кінәлап отыр.