28 қаңтар 2020 | 11:21

Қазақстан Дубайдағы Expo көрмесіне жұмсалатын қаражатты қайта қарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2020dubai.com © expo2020dubai.com

Үкімет Қазақстан 2020 жылы Дубайдағы Expo көрмесіне жұмсалатын қаражатты қайта қарауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет Қазақстан 2020 жылы Дубайдағы Expo көрмесіне жұмсалатын қаражатты қайта қарауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осы және басқа да мәселелерді біздің комиссия қарайтын болады: бұл бізге не береді, шығыны қандай, әсері қандай және елге қанша инвестиция тартылуы мүмкін. Егер комиссия бұл шығындардың ақталмайтынын дәлелдесе, онда дұрыс шешім шығарылады. Жалпы біз қаражаттың осыған не басқа форумға жұмсауды қарастырамыз", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Дубайдағы көрмеге қатысу үшін жұмсалатын қаражатты қайта қарау сұрағына жауап беру кезінде. 

Қазақстанның 2020 жылы Expo-ға қатысуы айтарлықтай әсер беретінін Сауда министрлігі дәлелдеуі тиіс. 

Осыған дейін Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне 9 миллиард теңге жұмсайтыны айтылды. 

Expo 2020 көрмесінде қазақстандық павильонның құрылысына көлемі 3 420 шаршы метр ең үлкен бөлігінің бірі бөлінген.

Expo 2020 - Дубайда (БАӘ) өтетін дүниежүзілік көрме. Көрмені өткізу орны 2013 жылы 27 қарашада Парижде Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясында анықталды. Көрме 2020 жылдың 20 қазан - 2021 жылдың 10 сәуір аралығында өтеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети