Қазақстан Дүниежүзілік банк берген 500 миллион долларды қайда жұмсайтыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Дүниежүзілік банк берген 500 миллион долларды қайда жұмсайтыны белгілі болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Дүниежүзілік банктен берілетін несие қандай мақсатқа жұмсалатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Дүниежүзілік банктен берілетін несие қандай мақсатқа жұмсалатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Дүниежүзілік банктің 500 миллион доллары Қазақстанға кезең-кезеңімен және Мал шаруашылығын тұрақты дамыту жобасын іске асырудың нақты нәтижелеріне қол жеткізілгеннен кейін ғана беріледі.

"Дүниежүзілік банктің сарапшылар тобы әзірлеген 2021-2025 жылдарға арналған мал шаруашылығының тұрақты даму жобасын іске асыруға 500 миллион доллар (459,8 миллион еуро) бөлінеді. ҚР Үкіметі атынан несие алушы Қаржы министрлігі.

Дүниежүзілік банк жобасының негізгі мақсаты - үлкен экспорттық әлеуетке ие әрі құны жоғары өнім ретінде экологиялық таза сиыр етін өндіруді және қазақстандық ет экспортын қолдау. Сол арқылы Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал ету және ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайын жақсарту", - дейді министрліктегілер

Жоба аясында келесідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

20 мың фермерге несие беру;
100 мың фермерге білім беру;
балама энергия көздерін қолдана отырып, мал шаруашылығының инфрақұрылымын дамытуға фермерлерге қаржылық қолдау;
сиыр етін импорттайтын елдердің талаптарына сәйкес мал шаруашылығы өнімдерін бақылау жүйесін құру;
жеке және тәжірибелік ветеринарларды шағын және орта фермаларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ ветеринарлық іс-шараларға тарту.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети