20 қараша 2015 | 11:03

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eurasiancenter.ru © eurasiancenter.ru

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшы елге айналуы мүмкін. Бұл туралы Ресей Халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесінің өкілі Владимир Джабаров мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында экономикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшы елге айналуы мүмкін. Бұл туралы Ресей Халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесінің өкілі Владимир Джабаров мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ресейлік сенатордың айтуынша, Қазақстан табиғи байлығын тиімді пайдаланып отыр. Қазақстан бақуаттылық көрсеткіші бойынша одақтас елдерден асып түсіп, 56-шы орыннан көрінді.

Жыл қорытындысы бойынша, Беларусь 10 позицияға төмендеп, 63-ші орынға табан тіреді. Украина 63-тен 70-ші орынға түсті. Ал Ресей, керісінше, өз позициясын 10 сатыға нығайтып, 58-ші орынға шыққан. Джабаровтың айтуынша, ұлттық валюта теңге девальвациясы Қазақстанның экономикасына ем тәрізді әсер етті.

"Қазақстанда экономика либералды түрде тиімді жұмыс істеп жатыр. Қазақстан - біздің Еуразиялық одақтағы ең жақын серіктесіміз. Біздің бірінші болғымыз келетіні түсінікті, бірақ серіктестердің үлгі болғаны да жаман емес. Қалай болғанда да, мұны қабылдауымыз керек. Қазақстанға Қытай мен батыстан көптеп инвестиция келіп жатыр. Егер Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта флагман елге айналса, бұл тек қуантарлық жәйт", - деді Джабаров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети