26 наурыз 2014 | 15:41

Қазақстан егемендігін ешкімге бермейді - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы республиканың егемендігіне қауіп төндірмейді, тек қана таза прагматикалық экономикалық мүддені көздейді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні Гаагада өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы республиканың егемендігіне қауіп төндірмейді, тек қана таза прагматикалық экономикалық мүддені көздейді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні Гаагада өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Интеграция кедендік кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Сондықтан біздікі таза прагматикалық мүдде - елді дамыту, экономиканы көтеру және ІЖӨ-ні ұлғайту. Ал біздің саяси тәуелсіздігімізге келсек, ол мызғымайды, Қазақстан ешкімге егемендігін бермейді", - деп атап өтті Назарбаев.

Бірақ Мемлекет басшысы Қазақстанның белгілі бір экономикалық өкілеттіктерді, мысалы, Еуропалық одақтағы секілді ұлтүсті органдарға беретінін айтты. "Еурокомиссия кедендік мәселелерді шешеді, сауда, тарифтер, мұнай мен газ тасымалы, электр энергиясы, темір жол және автомобиль жолдары саласын реттейді. Біздің болашақ одақта барлық мәселе консенсустық негізде шешілетін болады. Түпкілікті шешім үшін барлық үш мемлекеттің де келісімі талап етіледі. Сондықтан мұнда ешқандай алаңдау болуға тиіс емес, бұл барлық мемлекеттерге, әсіресе дағдарыс жағдайында тиімді. Интеграциялық үдерістер ілгерілей береді, бұл да - біздің тәуелсіздігіміздің мәселесі", - деп түсіндірді Назарбаев.

Президент Украинадағы оқиғалардың интеграциялық процестерге әсер етпейтінін және Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы негізгі шартқа қол қою жөніндегі жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді. Еске сала кетейік, құрамына Қазақстан, Ресей және Беларусь енетін Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына қарай құрылуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев брифингте, сонымен бірге, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты туралы да айтты. "Қазақстанның сыртқы саясаты теңгерімділік пен көпвекторлыққа негізделген, ал елдегі ішкі ахуал тіліне, дініне және мәдениетіне қарамастан, барлық азаматтардың теңдігі мен құқықтарын сақтауды негізге алған. Бұл бүгінгі әлемде тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты факторы болып саналады. Нақ осы негізде ғана мемлекет орнықты дами алады. Практика біздің елдегі саясатымыздың дұрыстығын тағы бір рет дәлелдейді. Даму үшін татулық, келісім, халықтың бірлігі керек. Сол себепті де мен шет мемлекеттердегі әріптестерімнің барлығын бейбіт келіссөздер жүргізу қажеттігіне үгіттедім", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети