Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингісінде 10 позицияға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан 29-орынға көтерілді. 28-орынға Канада ие болды. Бұл рейтинг әр 2 жыл сайын жасалады және БҰҰ-ға мүше 193 елдің көрсеткіштері бағаланады. 2020 жылғы рейтинг мемлекеттердің 2018-2019 жылдары жүргізген жұмыстарының нәтижесіне негізделген.
БҰҰ-ның жариялаған есебіне сәйкес, электрондық үкіметті дамыту бойынша көшбасшылардың алғашқы үштігіне Дания, Оңтүстік Корея және Эстония енді.
ТМД елдері арасында Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Ресей (36), Беларусь (40), Украина (69), Молдова (79), Өзбекстан (87) және басқа елдер орналасқан.
Осы жылғы рейтингте Португалия 35-ші, Италия 37-ші, Бельгия 41-ші, Қытай 45-ші, Малайзия 47-ші орында тұр.
Қазақстанның аталған рейтингтегі ең жоғары позициясы 28-орын 2014 жылы тіркелген еді. 2016 жылы 33-орынға, ал 2018 жылы 39-орында болды. Осылайша, соңғы 2 жылдағы көрсеткіш бойынша Қазақстан10 позицияға жоғарылады.
Электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның жаһандық рейтингінде (EGDI) үш компонент негізге алынады: электрондық қызметтерді (OSI), адами капиталды (HCI), телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (TII).
2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда электрондық үкіметті дамыту индексі (EGDI) 2020 жылы 10.2 пайызға, онлайн қызметтер бойынша 6,38 пайызға, адами капитал бойынша 5.6 пайызға өсті.
Жоғары 22.7 пайыз көрсеткіш телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласында байқалды. Сонымен қатар, электрондық қызметтер деңгейі бойынша Қазақстан ең жоғары балл алды. Рейтингте бұл көрсеткіш 1 пайыз деп бағаланса, Қазақстанның көрсеткіші 0,92 пайыз деп бағаланды.
Электрондық үкіметті қолдануды дамыту бойынша (E-participation) Қазақстан 16 позицияға көтеріліп, 26-орынға шықты. Бұл индекс азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын, мемлекет қызметінің ашықтығын көрсетеді, бұл "естуші мемлекет"саясатына сәйкес келеді.
Жергілікті жерлерде онлайн-қызметтерді дамыту бойынша Алматы қаласы рейтингке қатысқан әлемдегі 100 қаланың ішінде 29-орында.
БҰҰ-ның есебі мына сілтемеде.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!