ПОДЕЛИТЬСЯ
13 наурыз 2022 | 18:02
Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жібереді.
ҚР Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар жіберу туралы шешім қабылдады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды", - делінген хабарламада.
Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберіледі.
"Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна болады және 17 түрлі дәрі-дәрмек: антибиотиктер, қабынуға қарсы, антитуссив және антигипертезив дәрілер", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также