13 наурыз 2022 18:02

Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан екі рейспен Украинаға гуманитарлық көмек жібереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жібереді.

ҚР Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар жіберу туралы шешім қабылдады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Алматы - Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды", - делінген хабарламада.

Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберіледі.

"Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна болады және 17 түрлі дәрі-дәрмек: антибиотиктер, қабынуға қарсы, антитуссив және антигипертезив дәрілер", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети