12 мамыр 2021 10:23

Қазақстан экономикасы болжанған нұсқадан да тез қалпына келіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстан экономикасы болжанған нұсқадан да тез қалпына келіп жатыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан экономикасы болжанған нұсқадан да тез қалпына келіп жатыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім өсу қарқыны өткен жылғы наурыздан бері алғаш рет 0,7 пайыз болды. Қазақстан экономикасы өсудің қалпына келу серпініне өтіп жатыр. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсарды", - деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсіп салаларында серпінді және тұрақты өсу байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен қатар, экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға инвестициялар айтарлықтай өскені хабарланды.

"Экономика дамуының басты драйвері өткен жылдан бері нақты сектордың тұрақты өсуі болып табылды. Биыл есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектор 7,9 пайызға өсті. 

Құрылыс, ақпарат пен байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен және электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салаларында жоғарғы өсу жалғасуда. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібі соңғы он жылдағы ең жоғары өсуді көрсеткенін айта кеткен жөн. Қызмет көрсету саласы қалпына келіп жатыр. Сауданың 5,7 пайызға өсуі аясында қызмет көрсету секторы оң өсуді көрсетті", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети