Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Елорда күнін тойлап жатыр. Еліміздің бас қаласы 21-ге толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл Астана 21-ші рет туған күнін тойлап отыр.
Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Елорда күнін тойлап жатыр. Еліміздің бас қаласы 21-ге толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл Астана 21-ші рет туған күнін тойлап отыр.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен "әлем қаласы" атағын алған. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
Сонымен қатар, бұл күн Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді, Елбасы биыл 79 жасқа толып отыр.
Айта кетейік, биыл 20 наурызда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордаға Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы ұсынысы қаралып, Кезектен тыс сессияға қатысқан мәслихат депутаттары бір ауыздан қала атауының өзгертуін қолдап дауыс берген еді.
Елорда күніне орай өтетін шаралар:
Шілденің 4 шілдеден бері елордалық алаңдарда Х "Астана самалы" үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалі өтіп жатыр. 6 шілде күні таңертең шараға қатысатын оркестрлердің шеруі өтеді. Содан кейін қалалық алаңда қала тұрғындары мен қонақтарының назарына плац-концерт ұсынылады. Әнсүйер қауым 5-6 шілдеде караокеден "Бәрі де ән шырқайды!" чемпионатына қатысады. Балалар мен ересектер ән айтудан жарысады. Халықтық караоке Есіл өзенінің жағасындағы Амфитеатрда өтеді.
Ұлы қазақ ақындарымен, жас жазушылардың шығармашылығымен етене танысқысы келетін жандар үшін елордада "Нұр-Сұлтан - еліміздің бас қаласы, Жастар - болашақтың бастамасы!" атты кітап пен поэзия кеші ұйымдастырылады.
6 шілдеде Промышленный, Интернациональный, Железнодорожный, Пригородный, Үркер, Көктал-1 тұрғын алаптарында бүкіл отбасыға арналған "Думанды Сарыарқа" мерекелік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылады. Шара аясында эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар кішкентай елордалықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Мерекелік бағдарламада спорт сүйер қауымға арналған шаралар да қарастырылған. Олардың қатарында "Болашақ аңыз тұлғалар" атты кәсіпқой бокс кеші де бар.
6 шілдеде "Барыс Арена" мұз айдыны сарайында кештің басты жекпе-жегін бұған дейін жеңіліс таппаған қазақстандық былғары қолғап шебері Жаңқош Тұраров өткізеді. Елорда күніне арналған салтанатты шаралар легін Ұлттық Домбыра күніне арналған концерт аяқтайды. Шара 7 шілдеде "Қазақ Елі" монументінің алдындағы алаңда сағат 12.00 өтеді.
Сондай-ақ, осы күні кешке сағат 17:00-де Амфитеатрда өнер сүйер қауым "Нағыз қазақ домбыра" атты концертті тамашалайды. Мерекенің соңғы күндері 7-8 шілдеде Амфитеатр сахнасында тай артистері "Тай түндері" атты концерттік бағдарламасын ұсынады. Бұл шара Тайланд Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің елорда күніне тартқан сыйы болмақ. Сондай-ақ, концерт Нұр-Сұлтан мен Бангкок қалаларының бауырластық қарым-қатынасының 15 жылдығына орайластырылған. Қала күніне арналған мерекелік шаралар туралы толық ақпарат www.astanaday.kz ресми сайтында жарияланған.