12 маусым 2018 09:11

Қазақстан Елтаңбасын өзгерту ұсынылды

© Тұрар Қазанғапов

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады. Бұл туралы Парламент Сенатының сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cенаттағылардың мәліметінше, заң жобасы аясында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңына Мемлекеттік Елтаңбаға "Қазақстан" жазуын латын әріптерімен жазуды көздейтін түзету енгізілуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, сенаторлар бес заңнамалық актіге: Бюджет кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңдарға түзетулер енгізуді жоспарлап отыр.

© parlam.kz

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram