Қазақстан ең ақылды елдер тізіміне енді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Sputnik/Анатолий Устиненко © Sputnik/Анатолий Устиненко

Ұлыбританияның Vouchercloud порталы әлемнің ең үздік елдерінің тізімін жасады. Тізім үш негізгі фактор арқылы жасалған - Нобель иегерлерінің саны, халықтың орташа IQ көрсеткіші және мектептегі оқу үлгерімі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияның Vouchercloud порталы әлемнің ең үздік елдерінің тізімін жасады. Тізім үш негізгі фактор арқылы жасалған - Нобель иегерлерінің саны, халықтың орташа IQ көрсеткіші және мектептегі оқу үлгерімі.

Көбінде Азия мен Еуропа елдері енген ең ақылды деген 25 мемлекеттің тізімінде Жапония көш бастап тұр. Күншығыс елі осы аталған үш бағалау талабы бойынша жоғары көрсеткіш жинап тұр. Мәселен, бұл ел мектептегі оқу үлгерімі бойынша бесінші орында және Нобель лауреаттарының саны мен орташа IQ көрсеткіші бойынша алтыншы тұр.  

Алғашқы бестікке Швейцария, Қытай, АҚШ және Нидерланды кірген. Ресей алтыншы, Бельгия жетінші, ал Ұлыбритания сегізінші орында.

Құрама штаттары тізімге Нобель сыйлығының лауреаттарының көптігімен кіріп отыр (368 адам). Ал IQ көрсеткіші бойынша ел 28-орында, оқудағы үлгерімі бойынша 13-орында. 

Алғашқы ондықта еуропалық елдер болғанымен, Forbes журналисі Дункан Мэдден рейтингке сараптама жасай келе, болашақта бұл рейтингте азиялық елдер көш бастайды деп тұжырым жасап отыр. Мәселен, рейтингте соңғы болып тұрған Сингапур IQ деңгейі мен мектептегі оқу үлгерімі бойынша бірінші орында. Алайда Нобель лауреаттары бойынша тізімде 73-орынға түсіп қалған.

Ал Қазақстан негізгі рейтингте жоқ, бірақ мектеп оқушыларының жетістіктері бойынша әлем мемлекеттерінің ішінде тоғызыншы орын алып, Ұлыбритания, Израиль, Швейцария сияқты мемлекеттерден озық тұр. Мұны рейтинг авторлары тосынсый деп отыр.

"Ресейдің көршісі Қазақстан әлем бойынша ең ақылды балаларымен күтпеген деңгейден көрініп отыр. Көз алдымызда зияткер мемлекет туып жатқан да шығар", - делінген жарияланымда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro