15 қараша 2019 | 09:15

Қазақстан ет экспорттауда жетекші мемлекет бола алады - Министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Елордада Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік банкі "Мал шаруашылығын тұрақты дамыту" жобасы аясында алғашқы қоғамдық кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Елордада Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік банкі "Мал шаруашылығын тұрақты дамыту" жобасы аясында алғашқы қоғамдық кеңес өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға жеке және мемлекеттік секторлардың, салалық одақтар мен қауымдастықтардың, талдау орталықтарының, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. ҚР Үкіметінің сұрауына сәйкес, Дүниежүзілік банк тобы  Қазақстанда 2020-2024 жылдарға арналған мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасын әзірлеуде.

Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Жан Франсуа Мартоның айтуынша, Дүниежүзілік банк пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін бағдарламаны табысты әрі инклюзивті етіп әзірлеу үшін осындай интерактивті және ашық талқылаулар өте маңызды.

"Біз Қазақстан мемлекетінің қосылған құны жоғары ет экспорттаушысына айналуына, сондай-ақ осы салада еңбек ететін шаруалардың санын арттыру бағытындағы көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Марто.

Ұсынылып отырған мал шаруашылығын дамыту жобасы қазақстандық экспортты әртараптандыруға бағытталған. Ол сондай-ақ жеке сектордың өсуін ынталандыру мен ауылдық аймақтарды дамытуды көздейді. Сондай-ақ жоба Қазақстанның үлкен жайылымдық әлеуетін тиімді пайдалану арқылы агроөнеркәсіптік кешендерінің өнімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

"Ұсынылып отырған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы "Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы мен "Етті мал шаруашылығын дамытудың" ұлттық стратегиясының негізгі бағыттарына сай келеді. Аталмыш бағдарлама еліміздегі мал шаруашылығы саласын дамыту үшін экспортқа бағдарланған еттің өндірістік-өткізу тізбектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы көрсеткіштерге негізделетін болады", - деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Оның айтуынша, үш бағыт бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда. Біріншіден, шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету тәсілдері қайта қаралады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети