28 қаңтар 2015 18:55

Қазақстан ғалымдарын шетелден қайтару мәселелері талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©worldbank.org ©worldbank.org

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова ғылымды дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді, онда шетелден қазақстандық танымал ғалымдарды тарту, олардың жұмыс тиімділігін арттыру, отандық ғалымдардың шетелге кетіп қалуын азайту үшін оларға жағдайлар жасау мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова ғылымды дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді, онда шетелден қазақстандық танымал ғалымдарды тарту, олардың жұмыс тиімділігін арттыру, отандық ғалымдардың шетелге кетіп қалуын азайту үшін оларға жағдайлар жасау мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылыми зерттеулермен 23 700 адам айналысады. Оның ішінде ғылыми ортадағы ғылым докторларының саны 1688, (9,8 пайыз), ғылым кандидаттары – 4915 (28,6 пайыз), PhD докторлары – 218 (1,2 пайыз), кәсіптік бағыттар бойынша докторлар – 605 (3,5 пайыз), ғылыми атағы жоқ ізденушілер – 9774 (56,8 пайыз) адам. Бұл ретте 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі 38 пайыз болса, 45 жасқа дейінгілердің үлесі 56 пайыз.

2014 жылы Қазақстанда жұмыс жүргізу үшін әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша шетелден 600-ден астам ғалым шақырылған, оның 75-і - өз азаматымыз. "Назарбаев Университетіне" АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Канададан, Франциядан, Италиядан, Нидерландтан 350-ден астам (оның 26-сы қазақстандық) шетелдік ғалымдар шақырылды", - делінген хабарламада. 

Бүгінде шет елдердегі белгілі ғылыми орталықтарда, атап айтқанда, нанотехнология, робот техникасы, мұнай-газ кен орындарын зерттеу, гидродинамика, ген инженериясы, обыр ауруын туғызатын клеткалар биологиясы, ДНК репарациясы мен мутагенез салалары сияқты келешегі зор ғылыми бағыттарда 53 қазақстандық ғалым табысты жұмыс істеп жүр.

Гүлшара Әбдіқалықова кеңесте Мемлекет басшысының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы аясындағы негізгі бағыттар бойынша қазақстандық ғылыми кадрлар әлеуетін сақтау және арттырудың, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, ҚР Президенті жанындағы екі комиссияның – Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мен Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның қызметі осы және басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдарға Шет елдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мен Ғылым және техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның жұмыстарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети