31 қазан 2022 | 09:11

Қазақстан Грузиядан көлік сатып алған елдер қатарында бірінші орында

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузиядан Орталық Азия елдеріне автокөліктердің реэкспорты 215 пайызға өсті. Бұл тізімде Қазақстан көш бастап тұр. Былтырмен салыстырғанда биыл қазақстандық сатып алушылар көлікті үш есе көп сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Грузиядан Орталық Азия елдеріне автокөліктердің реэкспорты 215 пайызға өсті. Бұл тізімде Қазақстан көш бастап тұр. Былтырмен салыстырғанда биыл қазақстандық сатып алушылар көлікті үш есе көп сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Кавказдағы ең үлкен кешен - Рустави автобазарына АҚШ, Еуропа және Жапонияның көліктері келіп жатыр. Осы жердегі көліктер басқа елдерге жеткізіледі.

Жұма, сенбі, жексенбі күндері мұнда ондаған мың сатып алушылар келеді. Биыл автокөліктердің реэкспорты бойынша Қазақстан бірінші орында. Одан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан.

"Бізде Орталық Азия елдеріне реэкспорт бойынша өте жақсы көрсеткіш бар. Оның ішінде Қазақстан бірінші орында. Өткен жылмен салыстырғанда реэкспорт көрсеткіші бес есе өсті. Егер бұрын жалпы алғанда, бізден Орталық Азияға 200-ден аса көлік жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш айына шамамен, 1500 көлікті құрайды", - деді автобазардың маркетинг және жарнама жөніндегі директоры Стелла Камандарова.

Биыл Руставидегі көлік нарығына шыққан көліктер саны сұраныстың артуына байланысты 33 пайызға өсті. Соның ішінде бұл сұраныс қазақстандықтар тарапынан да бар.

"Мұнда көлік түрі көп. Төрт мыңнан алты мыңға дейін көлік бар. Басқа елге қарағанда осы жерден көлік сатып алып, оны Қазақстанға тез жеткізуге болады", - деді қазақстандық Қуаныш Қаликов.

Жыл басынан бері қазақстандықтар Грузияда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 270 пайызға көп көлік сатып алған. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш.

Грузияның автокөліктердің реэкспортынан түскен қаржы биыл 590 миллион доллар. Грузия Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын одан әрі жақсартып, логистика саласын дамытуға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети