11 қаңтар 2021 | 08:57

Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжілістің тоғыз депутатын сайлап жатыр

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ассамблея кеңесінің отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ассамблея кеңесінің отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарастыру нәтижесінде ассамблея таңдайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерді сайлау бюллетендеріне енгізілген құрамда шығару туралы шешім қабылданды. Құрметті сессияға қатысушылар, дауыс беріп, азаматтық таңдауыңызды жасаңыз", - деді ҚХА төрағасының орынбасара Жансейіт Түймебаев.

Реклама
Реклама

ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер:

Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты; Аветик Амирханян - БҚО армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің өкілі; Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі; Наталья Деменьтева - Көкшетау білім басқармасының "Технический лицей" КММ директоры; Юрий Ли - "Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы; Вакиль Набиев -күрттердің "Барбанг" қауымдастығының" вице-президенті; Шамиль Осин - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының басшысы; Владимир Тохтасунов -"ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры; Абилфас Хамедов - "Әзербайжандар қауымдастығы" РҚБ төрағасы.

Айта кетейік, Мәжіліске сайланатын 107 депутаттың тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная