1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжілістің тоғыз депутатын сайлап жатыр 11 қаңтар 2021, 08:57

Ассамблея кеңесінің отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ассамблея кеңесінің отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарастыру нәтижесінде ассамблея таңдайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерді сайлау бюллетендеріне енгізілген құрамда шығару туралы шешім қабылданды. Құрметті сессияға қатысушылар, дауыс беріп, азаматтық таңдауыңызды жасаңыз", - деді ҚХА төрағасының орынбасара Жансейіт Түймебаев.

ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер:

  • Сауытбек Әбдірахманов - Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
  • Аветик Амирханян - БҚО армян этномәдеми "Масис" қоғамдық бірлестігінің өкілі;
  • Ілияс Буларов - Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
  • Наталья Деменьтева - Көкшетау білім басқармасының "Технический лицей" КММ директоры;
  • Юрий Ли - "Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы;
  • Вакиль Набиев -күрттердің "Барбанг" қауымдастығының" вице-президенті;
  • Шамиль Осин - "Шығыс" фермерлік шаруашылығының басшысы;
  • Владимир Тохтасунов -"ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры;
  • Абилфас Хамедов - "Әзербайжандар қауымдастығы" РҚБ төрағасы.

Айта кетейік, Мәжіліске сайланатын 107 депутаттың тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram