Қазақстан халқы Ассамблеясына қанша қаражат бөлінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқы Ассамблеясына қанша қаражат бөлінді? © T

Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларын өткізуге қанша қаражат бөлінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларын өткізуге қанша қаражат бөлінгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыруға арналған жоспар бойынша 2019 жылы бюджеттен 119 миллион теңге бөлінді. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдерін өткізуге бөлінген.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының концертін өткізуге былтыр бюджеттен 70,9 миллион теңге бөлінді. Ал биыл ол қаражат 74,2 миллион теңгеге жетпекші.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындық жүргізу үшін 2019 жылы 67,9 миллион теңге бөлінген. Биыл да бюджеттен сол мөлшердегі ақша бөлініп отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бюджеттен 64 миллион теңгедей қаражат бөлінеді.

Шығынның жалпы сомасы айтылмады. Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспарын мына жерден көре аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети