29 сәуір 2019 | 15:34

Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXVII сессиясы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Назарбаевтан бөлек, сессияға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

"Бүгінгі сессияның күн тәртібі - "Бейбітшілік және келісім формуласы: әлеуметтік бірлік пен жаңғыру". Сессияға Қазақстан халқы ассамблеясының 487 мүшесі қатысып жатыр. Қажетті кворум бар, Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXVII сессиясын ашық деп жариялаймын", - деді Назарбаев. 

ҚХА төрағасы жаңа орынбасарларын тағайындады. 

"Халық ассамблеясының сессиясында төрағаның екі жаңа орынбасары тағайындалады. Биыл ассамблея кеңесі маған бұл қызметтерге ҚХА мүшесі, "Вайнах" шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі, кәсіби медиатор Юсуп Келигов пен ҚХА мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Өзбек этномәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатовты тағайындауға ұсыныс жасады", - деді Назарбаев. 


Юсуп Келигов. Фото:assembly.kz


Шерзод Пулатов. Фото:assembly.kz

Сессия жұмысына 1500-нан аса адам қатысып жатыр. Олардың ішінде Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, әкімдік, саяси партиялар, діни бірлестіктердің басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссия өкілдері бар. 

Сессия соңында салтанатты концерт өтіп, Данэлия Тулешова мен Ержан Максим өнер көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети