Қазақстандағы қартаю көрсеткіші өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Қазақстандағы қартаю көрсеткіші өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметінше, соңғы екі жылда (2015-2016 жылдары) елімізде әрбір 100 балаға жасы 65-тен асатын 26 адам келетін (индекс - 25,9). Еске сала кетсек, осыған дейінгі 5 жылда қартаю көрсеткіші қысқарған болатын. 2009-2014 жылдар аралығында көрсеткіш 28,3-тен 25,7-ге дейін қысқарды. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл туу көрсеткішінің төмен болуымен байланысты болып отыр.
"2016 жылы туу коэффициенті 19 өңірдің тек 5-інде көбейген. Дегенмен де Қазақстан қалаларында қартаю көрсеткіші ауылдық аумақтардан жоғары. 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда, әрбір 100 балаға 29 қарт адам келген. Бір жыл бұрын бұл индекс 29,2 болған еді, ал 7 жыл бұрын 34,1 болды", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Астана Алматыға қарағанда жас қала. Елордада 2016 жылдың қорытындысы бойынша қартаю индексі 15,6-ға тең болды. Ал Алматыда бұл көрсеткіш екі есе жоғары болып тұр.