"Қазақстан халқына" қоры алаяқтар туралы ескертті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан халқына" қоры алаяқтар туралы ескертті Сурет: elements.envato.com

Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімін пайдаланып, қазақстандықтарға несие рәсімдемек болған. Бүгінде 400-ден астам өтініш түсті. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімін пайдаланып, қазақстандықтарға несие рәсімдемек болған. Бүгінде 400-ден астам өтініш түсті. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор мәліметінше, тек демалыс күндері ғана "Атамекен" ҰКП байланыс орталығына осындай шағыммен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны көмек алуға өтінім толтырғаннан кейін экранда несие сәтті өңделгені туралы ақпарат шыққанын, одан әрі ақшалай несиені алу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түскенін айтқан.

"Мұндай оқиға Өскеменде де болды. Ол жерде қала тұрғынына жалған электрондық үкімет порталынан СМС-хабарлама келген. Содан кейін алаяқ телефон арқылы 1 166 000 теңге көмек қаражатын жіберу үшін SMS-кодты сұраған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Қордың баспасөз қызметі қазақстандықтарға тек ресми ақпаратқа ғана сену керек екенін ескертті.

"Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс - qazaqstanhalqyna.kz сайты және қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай тізілімі. Біз азаматтарды қауесеттерге сенбеуге және алаяқ ұйымдардың арандатуына түсіп қалмауға шақырамыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз", - деді "Қазақстан халқына" қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети