"Қазақстан халқына" қоры немен айналысады?

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоры немен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоры немен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін "Қазақстан халқына" атты қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады. Мысалы, сирек кездесетін аурумен ауыратын балаларға көмек көрсетеді. Шынында да, балалардың көпшілігі үшін емделу құны қолжетімсіз. Қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балалар үшін спорт нысандарын саламыз. Қабілетті балаларға көмек көрсетеміз. Біз мәдениетті қолдаймыз, Алматыға қайғылы қасіреттен айығуға көмектесеміз", - деді Президент Мәжіліс отырысында.

Тоқаев жаңа қор қаражатынан қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.

"Бұлар - тек жеке мысалдар. Қор Президент, Үкімет немесе қандай да бір мемлекеттік органның қоры емес екенін айтқым келеді. Бұл - барлық қазақстандықтың қоры. Бұл - халық қоры. Ол әкімшілік немесе Үкімет жанынан жұмыс істемейді. Беделді байқау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалды. Оның қызметінің ашықтығын, қоғамға есеп беруін және бақылауды қамтамасыз етеміз. Жоспарлар, бюджет, жобалар сайтта жарияланады. Барлық ақпарат ашық болады", - деді Президент.

Оның айтуынша, қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарланып отыр.

"Бұл қорға лотерея қызметі операторынан, мөлшерлемелерді есепке алу орталығынан және басқа монополистерден міндетті жарналар түседі. Әрине, ірі бизнес тарапынан қомақты және тұрақты жарналар күтеміз", - деп қорытындылады Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro