28 қаңтар 2022 19:09

"Қазақстан халқына" қорына қанша қаржы түскені жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

16-27 қаңтар аралығында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қазақстандықтардан қанша ақша түскені белгілі болды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


16-27 қаңтар аралығында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қазақстандықтардан қанша ақша түскені белгілі болды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі өкілі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі бастамасын қолдаған қазақстандықтарға, ірі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.

"2022 жылғы 16-27 қаңтар аралығында қорға 52 миллиард теңгеден аса қаржы түсті. Қор жылына кемінде 100 миллиард теңге мөлшерінде қаражат жинайды деп жоспарланып отыр. Болжамға сәйкес, шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат түседі деп болжап отырмыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын "Қазақстан халқына" қорына мына ЖШС-нің "қайырымдылыққа қосқан елеулі үлесі" айтылған болатын:

Kaz Minerals Aktogay - 6,2 миллиард теңге;
Kaz Minerals Bolzshakol - 6,2 миллиард теңге;
Kazakhmys Smelting - 5 миллиард теңге;
"Востокцветмет" - 3,1 миллиард теңге;
"СӘБИ" жеке қайырымдылық қоры - 1 миллиард теңге;
"Астана-Моторс" мотор компаниясы - 550 миллион теңге;
BI-Development - 300 миллион теңге;
"Сарыарқаавтопром" - 250 миллион теңге;
Nak Development - 100 миллион теңге.

Айта кету керек, бұған дейін Nur Otan партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына қайырымдылық жасауға асықпайтын ірі кәсіпкерлерге қатаң ескерту жасады.

"Олигополия құрамына кіретін бизнестегі кейбір танымал адамдар Мемлекет басшысы бастаған қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл ашкөздік, әдепсіздік немесе немқұрайлылық па? Бұл сұраққа жауап алу үшін мемлекеттің өкілеттілігі бар", - деді Президент.

Еске салайық, 11 қаңтарда Президент денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерді шешу үшін "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

"Бұл - барлық қазақстандықтың қоры. Бұл - халықтың қоры. Ол әкімшілік немесе Үкімет жанында жұмыс істемейді", - деді сол кезде Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети