Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Қазақстан халқына" қорының қаржысы қандай бағытта жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Қазақстан халқына" қорының қаржысы қандай бағытта жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қор қызметі әлеуметтік, мәдени қызметтің түрлі бағытын (денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік инфрақұрылым, тәртіпсіздік салдарын қалпына келтіру және қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасын қолдау) қамтиды", - деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады. Қорға халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін, лотерея қызметі операторының, мөлшермелерді есепке алу орталығының және басқа да монополистер, ірі бизнес өкілдері қаржысын міндетті және тұрақты түрде тарту жоспарланып отыр.
"Үкімет жанынан қоғам өкілдері қор құрылтайшысы ретінде әрекет ететін қоғамдық бірлестікті айқындау, іс-шараларды іске асыру тетіктерін әзірлеу үшін жұмыс тобын құру ұсынылады. Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының қаражатынан сирек кездесетін аурумен ауыратын балаларды емдеуге арналған шығындарды көтеру және дәрілік заттар тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді. Балалардың денсаулығын қорғау саласында сирек кездесетін аурумен ауыратын балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету өте өзекті саналады", - деді Ажар Ғиният.
Ведомство басшысы қор құру сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастар үшін қымбат тұратын медициналық қызметтер мен дәрілердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін нақтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!