Қазақстан халқының саны 18 миллион 292 мың 700 адамнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқының саны 18 миллион 292 мың 700 адамнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 миллион 292 мың 700 адамның ішінде қалалықтар - 10 544,3 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар - 7 748,4 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.
Сонымен қатар, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 228 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,3 пайызға көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,48 туылғандарды құрады.
"2018 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 4,4 мың адамға немесе 3,1 пайызға көбейіп, 150 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,13 адамды құрады", - деді мамандар.