Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы туралы жаңарған мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқы туралы жаңарған мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 1 қыркүйекте ел халқының саны 19 миллион 944 мың 726 адам болған.

Елімізде 12 368 662 адам - қалада, 7 576 064 адам - ауылда тұрады.

Жыл басынан бері халық 177 мың адамға өсті, оның 172 мыңы - табиғи өсім есебінен (туылғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті), 5,8 мың адам – көші-қонның оң сальдосы.

Өңірлер арасында халқы ең көп Алматы қаласы – 2 205 929 адам. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 135 537 адам, Алматы облысы – 1 522 182 адам, халық саны бойынша алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 402 002 адам, Жамбыл облысы бесінші орында, 1 221 619 адам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети