Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша халық саны туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 1 қарашадағы жағдай бойынша халық саны туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық бюро мәліметінше, 1 қарашада Қазақстан халқының саны - 20 243 981 адам. 1 қаңтармен салыстырғанда қазақстандықтар саны 210 139 адамға көбейген.

Қазақстан қалаларында да халықтың өсімі байқалады. Ең халқы тығыз қала – Алматы, онда 1 қарашадағы жағдай бойынша 2 280 296 адам болған (жыл басында – 2 228 675 адам). Одан кейін Астана – 1 511 807 адам (жыл басында – 1 430 105 тұрғын) және Шымкент – 1 249 581 адам (жыл басында – 1 222 066 тұрғын).

Реклама
Реклама

1 миллионнан астам адам Түркістан облысында (1 қарашада – 2 154 461 адам), Алматы облысында (1 554 695 адам), Жамбыл облысында (1 222 835 адам) және Қарағанды облысында (1 134 132 адам) тұрады.

Қалаларда 1 қарашадағы жағдай бойынша 12 727 404 қазақстандық өмір сүреді. Ал 7 516 577 адам ауыл тұрғындары болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама