Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Midjourney

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюро мәліметіне сәйкес, 1 желтоқсанда Қазақстанда 20 265 320 адам тұрған. 2024 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 231 478 адамға өсті. Табиғи өсім 217 133 адам болса, көші-қон сальдосы 14 345 адам болған.

Қазақстанда миллионнан астам тұрғыны бар үш қала бар: Алматы (2 286 328 адам), Астана (1 520 756 адам) және Шымкент (1 253 280 адам). Сондай-ақ, халқы миллионнан асатын облыстар: Түркістан облысы (2 154 304 адам), Алматы облысы (1 557 932 адам), Жамбыл облысы (1 222 411 адам) және Қарағанды облысы (1 134 002 адам).

Қазақстандықтардың көпшілігі қалаларда тұрады – 12 629 615 адам. Ауылдық жерлерде 7 519 966 адам өмір сүреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети