Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда қанша адам тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда қанша адам тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының саны 20 387 811 адамға жеткен. Бір ай ішінде халық саны 17,1 мыңнан астам адамға артқан. 1 маусымда елде 20 370 672 адам тұрған.

Халық саны ең көп өңірлер:

  • Алматы – 2 319 893 адам;
  • Түркістан облысы – 2 150 228 адам;
  • Алматы облысы – 1 578 089 адам;
  • Астана – 1 576 337 адам.

Халқы миллионнан асатын өңірлер:

  • Шымкент – 1 277 743 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 220 041 адам;
  • Қарағанды облысы – 1 132 697 адам.

Халық ең аз қоныстанған өңірлер:

  • Ұлытау облысы – 220 266 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 518 049 адам;
  • Абай облысы – 599 449 адам.

Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындарының көпшілігі қалада тұрады – 12 899 438 адам. Ауылдық жерлерде 7 488 373 адам өмір сүреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети