Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистикалық мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 532 240 адам болды. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 32 418 адамға өсті.

Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асты — 2 146 739 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 466 адамға азайған) және Алматыда — 2 354 736 адам (халық саны 6 633 адамға өскен).

Тұрғындар саны 1 миллионнан асатын өңірлер:

  • Астана — 1 655 369 адам;
  • Алматы облысы — 1 603 496 адам;
  • Шымкент — 1 300 357 адам;
  • Жамбыл облысы — 1 214 965 адам;
  • Қарағанды облысы — 1 131 613 адам.

Ең аз қоныстанған өңірлер:

  • Ұлытау облысы — 218 596 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 513 386 адам;
  • Абай облысы — 594 766 адам.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалаларда 13 120 922 қазақстандық (35 812 адамға көбейген), ал ауылдарда — 7 411 318 қазақстандық (3 394 адамға азайған) тұрады.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткенін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети