Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Фото:depositphotos.com

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 575 979 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың саны 76 157 адамға көбейді.

Халық саны Алматы қаласында 2 миллионнан асты - 2 366 525 адам (халық саны 18 422 адамға өсті) және Түркістан облысында - 2 146 670 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 535 адамға азайған).

Жарнама
Жарнама

1 миллионнан астам қазақстандық мына өңірлерде тұрады:

  • Астанада - 1 674 699 адам;
  • Алматы облысында - 1 611 588 адам;
  • Шымкентте - 1 308 120 адам;
  • Жамбыл облысында - 1 213 556 адам;
  • Қарағанды облысында - 1 130 733 адам.

Халқы ең аз өңірлер:

  • Ұлытау облысы - 218 169 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 512 388 адам;
  • Абай облысы - 593 583 адам.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қалаларда 13 168 438 қазақстандық тұрады (83 328 адамға көбейді), ауылдарда - 7 407 541 қазақстандық (7 171 адамға азайды).

Еске сала кетейік, Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елде қанша қазақстандық тұратынын айтқан болатын.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама