Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Фото:depositphotos.com

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын айтты. Ведомство сайтында ресми статистикалық деректері бар электронды кесте жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 562 993 адам (1 сәуірде – 20 547 909 адам) тұрды. Жыл басынан бері халық саны 63 171 адамға өсті.

Қазақстандықтардың басым бөлігі - 13 153 726 адам - қалаларда тұрады. Ең тығыз қоныстанған мегаполис ретінде Алматы қаласы қалып отыр - мұнда 2 362 463 адам тұрады.

1 миллионнан астам адам Астана (1 668 750 адам) және Шымкентте (1 305 620 адам) қалаларында тұрады.

Халқының саны миллионнан асатын облыстар:

  • Түркістан облысы - 2 146 817 адам;
  • Алматы облысы - 1 609 784 адам;
  • Жамбыл облысы - 1 214 040 адам;
  • Қарағанды облысы - 1 131 090 адам.

Халқы ең аз облыстар:

  • Ұлытау облысы - 218 251 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 512 702 адам;
  • Абай облысы - 593 892 адам.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны қанша екенін жариялаған болатын.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +23
Ақтау +25
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +28
С
Семей +31
Т
Талдықорған +30
Тараз +36
Түркістан +19
О
Орал +27
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер