Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 547 909 адам болды. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 48 087 адамға көбейген.

Түркістан облысында халық саны 2 миллионнан асты - 2 146 665 адам (бұл ретте жыл басынан бері облыс халқы 2 540 адамға азайған) және Алматыда - 2 359 052 адам (халық саны 10 949 адамға артты).

1 миллионнан астам қазақстандық мына өңірлерде тұрады:

  • Астанада - 1 662 755 адам;
  • Алматы облысында - 1 606 365 адам;
  • Шымкентте - 1 302 868 адам;
  • Жамбыл облысында - 1 214 501 адам;
  • Қарағанды облысында - 1 131 200 адам.

Халқы ең аз өңірлер:

  • Ұлытау облысы - 218 420 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 512 991 адам;
  • Абай облысы - 594 320 адам.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалаларда 13 137 950 қазақстандық (көрсеткіш 52 840 адамға артты), ал ауылдарда - 7 409 959 қазақстандық тұрады (4 753 адамға азайды).

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халөының санын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +23
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +23
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +19
П
Павлодар +20
Петропавл +20
С
Семей +20
Т
Талдықорған +21
Тараз +24
Түркістан +20
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер