Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті екіжақты пневмониядан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті  екіжақты пневмониядан қайтыс болды © shaiba.kz

Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті Анатолий Злотников қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Хоккей федерациясына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті Анатолий Злотников қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Хоккей федерациясына сілтеме жасап. 

Анатолий Злотников 1992-1997 жылдары отандық хоккейді басқарды. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан хоккейі алғаш рет халықаралық серіктестікті дамыта бастады және әлемге таныла бастады. 2000 жылдары ол Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы төрешілер алқасының төрағасы және республикалық чемпионатты дамыту жөніндегі маман болды.

Анатолий Злотников екі аптадай екіжақты пневмониямен ауырған екен. 

Қазақстан хоккей федерациясы Анатолий Петровичтің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети