Қазақстан импорт жұмыртқаға бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан импорт жұмыртқаға бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігіне сілтеме жасап.
"Тауықтың жұмыртқасы қысқа уақытта бұзылатындықтан адам денсаулығына аса қауіпті болып саналады. Сол себепті Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі отандық өнім өндірушілермен кеңес өткізіп, жұмыртқаны тасымалдау, оны сату бойынша мониторинг жүргізгенен кейін зертханалық бақылауды күшейту керектігіне баса назар аударған", - делінген мәліметте.
Тауардың бұл түріне бақылауды күшейтуге Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының ішкі нарықта өнімді тасымалдау, сатуда техникалық уақыт тәртібі талаптарының орындалмағаны жөнінде таратқан мәліметі себеп болған. Кей жағдайда сырттан келген жұмыртқаның сыртқы қабығында этикетка да, қай елден әкелінгендігі, тұтыну мерзімін білдіретін мемлекеттік және орыс тіліндегі мәліметтер де, белгілер де болмай шыққан екен.
Кеңес қорытындысы бойынша, Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен біріге отырып, тауардың осы түріне қатысты бірқатар талаптар мен ережелер бекіткен.