"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары пара алды деп айыпталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қанат Сұлтанбеков Қанат Сұлтанбеков

Астана қалалық соты "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың қай бап бойынша күдікке ілінгені жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қалалық соты "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың қай бап бойынша күдікке ілінгені жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қанат Сұлтанбеков қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпталып отыр", - деді Астана қалалық сотындағылар Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Сот Сұлтанбековты пара алғаны үшін айыпты деп таныса, онда Қанат Сұлтанбековке айыппұл салынып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

6 сәуірде Есіл аудандық № 2 соты Қанат Сұлтанбековтың қамаудағы мерзімін 16 маусымға дейін ұзартқан болатын.

Еске сала кетейік, Қанат Сұлтанбековтың қамауға алынғаны жайлы бүгін хабарланған болатын. "Қанат Сұлтанбеков екі ай мерзімге, яғни 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін қамауға алынды. Үкімді Есіл аудандық № 2 соты 18 ақпанда шығарды", - деген еді қалалық сот баспасөз қызметінің маманы Ботагөз Баянова. Сондай-ақ, осыған дейін "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың өкілеттігі алдын ала тоқтатылғаны хабарланған еді.

Қамауға алынған Қанат Сұлтанбеков жайлы не білеміз?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.34  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro