«Ирак және Леванта ислам мемлекеті» деп аталатын сунниттік топ, енді масқара болғанда, Қазақстанның территориясына да көз салуда. Кеше ғаламторда пайда болған осы топтың құрған жаңа халифатының алдағы бес жылда құрамына енетін елдер ішінде Қазақстан да белгіленіп, көрсетіліпті. «Алаш айнасы» басылымы бұл қауіптің шынайылығын білмек ниетте мамандарға хабарласып көрді.
«Ирак және Леванта ислам мемлекеті» деп аталатын сунниттік топ, енді масқара болғанда, Қазақстанның территориясына да көз салуда. Кеше ғаламторда пайда болған осы топтың құрған жаңа халифатының алдағы бес жылда құрамына енетін елдер ішінде Қазақстан да белгіленіп, көрсетіліпті. «Алаш айнасы» басылымы бұл қауіптің шынайылығын білмек ниетте мамандарға хабарласып көрді.
Өз кезегімізде ғаламторда жарияланған «Алла жерін» құрып жатырмыз деп әлемдегі бүтін мұсылмандарды өз қатарына шақырып жатқан ислам халифатының жоспардағы территориялық картасының суретін бере кетелік.
Мұнда «Ирак және Леванта ислам мемлекетінің» бес жыл барысында өз бақылауына алмақ кең ауқымды территориялары белгіленген: Қытайдың шекарасын жуып-шайып шығысқа, Испаниядан батысқа қарайғы, Қазақстанның солтүстік шекарасынан Африканың оңтүстігіне дейінгі аумақтар. Атап айтқанда, бұл - Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан да бар, Испания, Кавказ, Жерорта теңізі жағалауындағы мемлекеттер.
Осы жексенбіде Ирак пен Сирия территориясы үшін соғысып жатқандар жаңа мемлекет – ислам халифатын құратындықтарын мәлімдеп, оның көшбасшысы етіп Абу Бәкір әл-Бағдадиді тағайындаған. Ол әлемдегі барша мұсылманды «Алла жері» деп атаған халифатына қосылуға шақырып, өзіне адал болуға уәде беруді талап етті.
Рүстем Бурнашев, шығыстанушы:
– Мұндай мәлімдемелерге «Ит үреді, керуен көшеді» деген тұрғыда қарау керек. Содырлар амбициялық мәлімдемелерін жариялау арқылы, оны ғаламторға орнатуда өздерін күшті етіп көрсетуді, сөйтіп қатарына көптеп адам тартуды ғана көздейді. Бір сөзбен айтқанда, өз жарнамасы үшін ғана. Саяси науқан кезінде де көп дауыс жинау үшін мыңдаған уәде беріледі ғой. Бірақ оның барлығы бірдей орындала бермейтіндігі белгілі. Сол секілді бұл да тек маркетингтік қадам.
Сондай-ақ маман соңғы 10 жылдықта елімізде екі-ақ лаңкестік оқиға тіркелгенін, бұл бізде әлеуметтік шиеленіс деңгейі төмен немесе арнайы қызмет лаңкестіктің алдын алу бойынша жақсы жұмыс істеп жатқандығының көрсеткіші екендігін айтады.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.