28 қаңтар 2021 17:58

Қазақстан жаңа әліпбиге қашан көше бастайды?

Tengrinews.kz фотоколлажы фото: elements.envato.com

Қазақстандықтар қазақ тілінің латын қарпіндегі жаңа әліпбиіне қашан көше бастайтыны белгілі болды. Бұл туралы премьер-министрі Асқар Мамин өткізген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар қазақ тілінің латын қарпіндегі жаңа әліпбиіне қашан көше бастайтыны белгілі болды. Бұл туралы премьер-министрі Асқар Мамин өткізген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс - бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

"Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны - 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған

Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут (  ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис (  ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған. 

Сонымен қатар, қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы пернетақтада қалай орналасатыны көрсетілді.  

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram