Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды 28 қаңтар 2021, 17:21

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Онда латын қарпіндегі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Tengrinews.kz фотоколлажы фото: elements.envato.com Tengrinews.kz фотоколлажы фото: elements.envato.com

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Онда латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жетілдірілген әліпбиде әріп саны - 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.

Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram